"Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 119 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 92 "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      3. "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Құсайын

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "12" мамырдағы №119
қаулысымен бекітілген

"Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, аудан әкімінің қаулысына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 55.

      9. Осы Ереже құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функционалдары, құқықтары мен міндеттері

      12. Міндеттері:

      1) өзі құзыретінде мемлекеттік бағдарламалардың, Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі актілерінің, басқа да нормативтік актілерінің орындалуы жөніндегі есептерді дайындау және бақылау жасау;

      2) елді мекендердің және аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыру;

      3) өндіріс және тұрғын үй мақсатындағы нысандар құрылысына және қайта жаңартуға қатысу;

      4) ауданның бас жоспарларға сәйкес елді мекендерде құрылыс салуды бақылауды жүзеге асыру;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) республикалық және жергілікті бюджеттерден түсетін қаражат есебінен құрылыс жөніндегі инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді жүзеге асыру.

      13. Функциялар:

      1) сәулет, құрылыс және күрделі жөндеулерді даму басылды бағдарламаларға талдау жасайды, түзетулер енгізеді және оның жүзеге асуына жәрдемдеседі;

      2) нысандар құрылысының және қайта жаңартудың барысына бақылауды жүзеге асырады;

      3) "Мекен-жай тіркелімі" ақпараттық жүйесін ұйымдастырады және оны дамытуға жәрдемдеседі;

      4) жарнаманы құрастыруға рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      5) аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;

      6) елді мекендерді салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін реттейтін құрылыс ережелерін және басқа да құжаттарды әзірлеу;

      7) нысандарды жобалау үшін сәулетті-жоспарлау тапсырамаларды әзірлейді және береді;

      8) нысандар құрылысына және қайта жаңартуға жобаларды әзірлеуге бақылауды жүзеге асырады;

      9) өндірістік-азаматтық бағыттағы және басқа да нысандарды жөндеу, күрделі құрылыс барысына бақылау жасау;

      10) нысандар құрылысына жер учаскелерді алдын-ала таңдау жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысуды жүзеге асырады;

      11) нормативтік-құқықтық және жобалау құжаттамасына сәйкес нысандар құрылысы және қайта жаңартудың орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асырады;

      12) пайдалануға берілетін нысандарды (комплекстерді) заңға сәйкес қабылдау және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру;

      13) нысаналы мақсатына сәйкес бюджеттік қаражаттар және материалдық құндылықтардың тиімді жұмсауды жүзеге асырады;

      14) бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларға өзгерістер енгізуге өтінімдер мен анықтамаларды дайындайды;

      15) құрылыс, қайта құру, нысандарды сатып алу, техникалық-экономикалық негіздеуді, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу (қосымша келісімдер);

      16) бухгалтерлік және бюджеттік есепке алуды жүргізу, қаржылық және бюджеттік есептілікті ұсыну;

      17) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақшалай қаражаттардың уақытылы аударылуды бақылайды;

      18) бөлімнің құзыретіне енетін аумақтық бағдарламаларды, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;

      19) басқарып отырған мәселелер бойынша жедел ақпарат, анықтамалар, есептерді дайындайды;

      20) келіп түсетін хаттар, өтініштер, шағымдарды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етеді;

      21) мемлекеттік қызметтер тізіліме сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді; 22) басқарып отырған мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды;

      23) аудан көлеміндегі елді-мекендерде барлық ғимарат, қондырғылар құрылыстарын жүргізу және жобалау жоспарларын дайындау және келісу, оларды Қарқаралы ауданы әкіміне бекітуге тапсыру;

      24) қала құрылысы, құрылыс және жобалау-сметалық құжаттаманы белгіленген тәртіппен келісуге қатысу;

      25) нысандар мен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар енгізу, жерге орналастыру қызметімен бірлесіп, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін таңдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      26) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, аббаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған нысандар құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар нысандарды кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      27) нысандарды пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін нысандар (кешендердің) есебін жүргізу;

      28) салынып жатқан (салынуы белгіленген) нысандар мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

      29) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      30) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету болып табылады;

      31) аудандық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      32) заңнамамен белгіленген тәртіпте құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      33) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады;

      34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларады жүзеге асырады.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;

      2) өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен (сұрау салулар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдар алу;

      3) әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, ауданның даму стратегиялары мен басымдықтары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      4) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің, аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге.

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      6) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      7) мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне басшылықты құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасарлары жоқ.

      18. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      5) мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

      Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлім жедел басқару құқымен оқшауландырылған мүлкіне ие. Бөлімнің мүлкі оған мемлекеттен берілген мүліктер есебінен қалыптасады, негізгі және айналымдағы құралдардан, сондай- ақ бағасы бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

      20. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік мемлекеттік меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады