Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 05 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 19.03.2024 № 01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Ержан Еркінбайұлы Теміров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 18 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады