Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 20 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылы жерінен жалпы көлемі 93,0932 гектар, оның ішінде жайылымы 64,7673 гектар жер учаскесін "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне су тұщыту зауытына газ құбырының құрылысын салу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ғ.Салихов

  Құрық ауылы әкімінің
  2023 жылғы 01 ақпандағы
  № 20 шешіміне қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

I

Құрық ауылының жері



13-197-017

66,2844

1

Толқын ӨК

7,1700

2

Су құбыры

0,3266

3

Б.К.Сагиндыков

5,8822


13-197-023

13,1882

4

Автожол

0,0803

5

МО "Құрылыс басқармасы"

0,0814

6

"КазТрансОйл" АҚ

0,0801

Барлығы:

93,0932


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады