Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 540 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 135, № 136, № 137, № 138 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес "КТЭК" МКК инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 31 наурыздағы
  № 540 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, 12.06. ЖК-дан 12.18а ЖК-ға дейін ТМ-12 жылу магистралі мекенжайы бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,4482 гектар;

      2) Қостанай қаласы, 12.18а ЖК-дан Уральская көшесіндегі 23а ғимаратқа дәнекерлеуге дейін ТМ-12 жылу магистралі мекенжайы бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,3186 гектар;

      3) Қостанай қаласы, 12.06 ЖК жанында тән нүктесінен 12.06 ЖК-ға дейін ТМ-12 жылу магистралі мекенжайы бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,2893 гектар;

      4) Қостанай қаласы, КР-2-ден 20.03 жылу камерасына дейін ТМ-20 жылу магистралі (Лиза Чайкина тұйық көшесі (қазандық) - Қобыланды батыр даңғылы, 46 "А" ғимаратының ауданы) мекенжайы бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,2651 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады