Рудный қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешімі

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудый қаласының Перцев ауылына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандарға 2023 жылы мынадай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:

      1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы бюджеттік кредит.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады