"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 197 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етуін.

      3. Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 258 "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов аудан әкімінің міндетін атқарушы Қатпаев Р. Ж.

  Денисов
  ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "3" қазандағы
  № 197 қаулысына
  қосымша

"Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Болімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 6 үй.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі

      12. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;

      2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну;

      3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығаруға құқылы;

      өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;

      жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласын дамытуды анықтау ;

      2) міндеттері:

      заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу;

      осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік етуге;

      мемлекеттік қызметтер стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      14. Функциялар:

      1) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;

      2) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;

      5) статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындау және ұсыну, Бөлімнің құзыреті шегінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жүргізуге мониторингті жүзеге асыру;

      6) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді, дамудың индикативтік жоспарын қалыптастыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;

      8) ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;

      9) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;

      10) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;

      11) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде құрылатын жұмыс орындарының болжамы және ағымдағы бос жұмыс орындары туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорларын қалыптастыруға қатысу;

      12) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру; арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құру және олардың қызметі;

      13) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін тағайындау және төлеу;

      15) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;

      16) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну;

      17) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;

      18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру;

      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;

      20) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

      22) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу;

      23) қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;

      24) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізу;

      25) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      26) Мүгедектеігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу;

      27) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;

      28) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      30) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;

      31) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      32) кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаншы және қамқоршы мәселелері бойынша сотқа қатысу;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      16. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттіқ бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

      7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 тармақ . Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Бөлімге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тармақ. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады