"Metal Resource" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 226 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Metal Resource" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2027 жылғы 19 қазанға дейінгі мерзімге жер учаскесіне жариялық сервитут белгіленсін:

      Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 50,0 гектар, қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

      2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бейімбет Майлинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады