"Metal Resource" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Metal Resource" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне 2027 жылғы 19 қазанға дейін мерзімімен қауымдық сервитут белгіленсін:

      пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операциялар жүргізу үшін, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округі, Новоильиновка ауылының аумағында орналасқан, жалпы көлемі 65,0 гектар.

      2. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы қаулының қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғанынан кейін қол қойылған күнінен бастап және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілген күнінен кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі М. Таймасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады