Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 3-ш шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 4-ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киров ауылдық округі әкімінің 13.12.2023 № 4-ш шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Ұзынкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 4 қазандағы № 231 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан "Олжа Ряжское" ӨК Алабұға жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келесім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай обылысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұзынкөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Киров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Киров ауылдық округі әкімі М. Давлетов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы

      ауыл шаруашылығы Министіргі

      ветеринарлық бықылау және

      қадағалау Комитетінің Ұзынкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      ___________________ Р. Канапин

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министірлігі санитарлық -

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитарлық-

      эпидимеологиялық бақылау департементінің

      Ұзынкөл аудандық санитарлық-

      эпидимеологиялық бақылау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ________________________ Б. Ахметвалеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады