Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 11 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
төрағасы
Ә. Ерғалиев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі төрағасының
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 11 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары

Функционалдық мақсаты

Арнайы автокөлікті пайдалану құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер

Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары

1.

Аумақтық статистика бөлімшелерінде статистикалық байқауларды жедел жүзеге асыруға арналған арнайы автокөлік құралдары

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті

10

2.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті

20

3.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті

13

4.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті

11

5.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті

8

6.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

13

7.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті

11

8.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті

11

9.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті

13

10.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті

20

11.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті

9

12.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті

7

13.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті

13

14.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

14

15.

Департамент ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті

18

16.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті

5

17.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

11

      Ескертпе:

      Арнайы автокөлік - шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін салыстырып тексеру және нақтылау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрығымен бекітілетін Статистикалық жұмыстар жоспарын уақтылы орындау мақсатында статистикалық байқаулар жүргізу бойынша жедел жұмыста пайдалану үшін аумақтық статистика бөлімшелерінде пайдаланылатын жеңіл автомобиль, оның ішінде өндірістік қажеттіліктер үшін (интервьюерлер пікіртерім жүргізуі үшін, тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңы және аудан ішінде және ауданаралық (қалааралық, облыс ішінде) автомобиль тасымалдары жоқ елді мекендерге шығу үшін) арнайы автокөліктің 1 бірлігі;

      Жеңіл автомобильдер базасындағы қозғалтқыштың көлемі 2400 текше сантиметрден аспауға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі төрағасының
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 11 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары

№ р/с

Үй-жайдың атауы

Өлшем бірлігі

Бөлменің ауданы

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы үшін:

1.

Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай

Шаршы метр

70

2.

Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай

Шаршы метр

100

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері үшін:

1.

Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауға және тіркеуге (бақылауға) арналған үй-жай ("Бір терезе"):

Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері

Шаршы метр

120

Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері

Шаршы метр

100

Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері

Шаршы метр

30

Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері

Шаршы метр

15

2.

Телефондық пікіртерімнің компьютерлендірілген жүйесіне арналған үй-жай (ТПКЖ):

Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері

Шаршы метр

30

3.

Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай:

Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері

Шаршы метр

50

Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері

Шаршы метр

40

4.

Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай:

Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері

Шаршы метр

150

Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері

Шаршы метр

15

Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері

Шаршы метр

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады