Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 243 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығында:

      көрсетілген бұйрыққа 18-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 140000, Павлодар облысы Павлодар қаласы Олжабай батыр көшесі, 14 үй.";

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығында:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Нұра" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже;";

      көрсетілген бұйрыққа 29-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 14.";

      көрсетілген бұйрыққа 34-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 070018, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Н.Назарбаев даңғылы, 73.";

      көрсетілген бұйрыққа 60-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 61-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 63-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 64-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 66-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 68-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 72-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 74-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 76-қосымшада:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бөлім мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.";

      көрсетілген бұйрыққа 80-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 030400, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, М. Қарабаев көшесі, 3.";

      көрсетілген бұйрыққа 86-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы, индексі 031000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 2 Г.";

      көрсетілген бұйрыққа 151-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 110600, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, С.Мауленов көшесі, 49.";

      көрсетілген бұйрыққа 153-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110800, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Қосмы көшесі, 3 үй.";

      көрсетілген бұйрыққа 154-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 16.";

      көрсетілген бұйрыққа 162-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 111700, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 71.";

      көрсетілген бұйрыққа 184-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 140700, Павлодар облысы, Аққулы ауылы, Амангелді көшесі, 56.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақтөбе облыстарының және Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменттері бастықтары сеніп таспсырылған мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
генерал-майор
И. Күлшімбаев

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
міндетін атқарушысының
2023 жылғы 10 мамырдағы
№ 243 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 60 бұйрығына
2-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Нұра" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Нұра" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі – Департамент) тікелей бағынатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

      2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және Департамент бастығының бұйрықтарына, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Егер Басқармаға заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 14 үй, 41 т.е.б..

      9. Басқарманың толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Нұра" ауданының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Департамент құрамында республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру;

      5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде анықтауды жүзеге асыру.

      14. Құқықтары және міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      2) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

      3) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

      4) сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды, ақпараттық жүйелерді пайдалану;

      5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды немесе хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау;

      6) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

      4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

      5) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

      6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тарту;

      8) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Департаментке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

      9) тиісті аумақта орналасқан қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      10) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      11) тиісті аумақта төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;

      12) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;

      13) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

      14) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

      15) қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

      16) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

      17) тиісті аумақта өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

      18) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

      19) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;

      20) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;

      21) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      22) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      23) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;

      24) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

      25) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарды, тексеру қорытындысы туралы актілерді беру;

      26) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдарды, тексеру қорытындысы туралы актілерді беру;

      27) қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру;

      28) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың бөлімшелерімен, сонымен қоса басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      29) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу туралы сотқа өтініш жіберу үшін материалдарды дайындау;

      30) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      31) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;

      32) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

      33) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;

      34) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) өз өкілеттіктері шегінде Департаментте, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма мүддесіне өкілдік етеді;

      3) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрліктің және Департаменттің актілерін және тапсырмаларын орындайды;

      4) аудан аумағында орналасқан Департамент бөлімшелерінің қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады;

      5) Департамент бастығына Басқарманың айрықша көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және азаматтық қорғау органдарының орта және аға басшы құрамының арнаулы атақтарын мерзімінен бұрын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтарынан бір дәрежеге жоғары беру бойынша ұсыныстар береді;

      6) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды және нұсқаулар береді;

      7) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      8) Басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      9) Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Департамент бастығына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

      10) Департаментке жыл сайынғы есепті және белгіленген мерзімде Басқарма қызметінің нәтижелері туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етеді;

      11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

      12) Департаментте Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту, тәртіптік жазаларды алу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы өтініш жасайды;

      13) оның құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      14) бағынысты бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әр фактісі бойынша дербес жауап береді;

      15) ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады;

      16) гарнизон қызметін ұйымдастырады және бақылайды, гарнизон бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін тексереді, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет Жарғысында көрсетілген өзге құқықтары мен міндеттері бар;

      17) ұжымда моральдық-психологиялық климаттың, қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйіне, сондай-ақ бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері заңдылықты және қызмет пен күнделікті өмірде міндетті жүріс-тұрыс нормаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма бастығы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармада бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады