Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 179/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 257/3 қаулысы

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 179/2 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2023 жылғы "20" қазандағы
№ 257/3 қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "24" маусымдағы
№ 179/2 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) өз құзыреті шегінде Павлодар облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыруға Павлодар облысының әкімдігі уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ-нің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-құрылыс.

      10. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс сағат 1300-ден 1430-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде - "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілде – государственное учреждение "Управление здравоохранения Павлодарской области"

      12. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ құрылтайшысы Павлодар облысының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мақсаты, мәні, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметінің мақсаты азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру, адамның өз денсаулығына ортақ жауапкершілік принципі болып табылады.

      17. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметінің мәні азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру, Павлодар облысының тұрғындарына дәрілік көмек көрсетудің тиімділігі болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      2) азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік, нысаналы және кешенді бағдарламаларды іске асыру бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      3) денсаулық сақтау жүйесін басқару тиімділігін арттыру.

      19. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ өкілеттіктері:

      құқықтары:

      1) барлық сот, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда әкімнің, әкімдіктің мүдделерін білдіру;

      2) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына Павлодар облысы азаматтарының денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, халқына дәрілік көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      3) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу;

      4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      5) барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мүдделерін білдіру;

      6) өз құзыреті шегінде шарттар жасасу;

      7) қарамағындағы ұйымдардағы құрылым бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      8) қарамағындағы ұйымдарда байқау кеңестерін құру жөнінде ұсыныстар енгізу, байқау кеңесінің мүшелеріне конкурстық іріктеу жүргізу, байқау кеңестерінің құрамын қалыптастыру және бекіту, олардың қызметін бағалауды жүзеге асыру;

      9) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

      Міндеттері:

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      11) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің, мәслихатының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      3) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

      4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;

      5) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;

      6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;

      7) медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;

      8) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;

      9) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      10) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;

      12) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;

      13) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      14) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;

      15) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      16) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдайды;

      17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

      18) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;

      19) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      20) денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;

      21) денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасына, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

      22) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;

      23) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;

      24) дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      25) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

      26) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      27) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;

      28) профилактикалық дезинсекция мен дератизацияның (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) тиімділігін бағалай отырып, оларды ұйымдастырады және жүргізеді;

      29) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, ауылдық елді мекендерде амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;

      30) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      31) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      32) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияларды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      33) мектепке дейінгі ұйымдарды, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      34) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек беру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      35) "Кәсібі бойынша үздік" аталымын береді;

      36) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

      37) медициналық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйымдастырады;

      38) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;

      39) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      40) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      41) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      42) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      43) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      44) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

      45) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

      46) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      48) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;

      49) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      50) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

      51) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

      52) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;

      53) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады;

      54) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      55) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

      56) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;

      57) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

      58) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

      59) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      60) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      61) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;

      62) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      63) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;

      64) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      65) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      66) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;

      67) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;

      68) биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      69) облыс әкімдігінің және әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісі өкілеттіктерін иелену және пайдалану, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдау құқықтарын жүзеге асырады;

      70) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ басшылығын "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      23. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      24. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады, оның құрылымы мен штаты бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметшілерін іссапарларға жібереді;

      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ атынан өкілдік етеді;

      8) өз орынбасарларының міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, қарамағындағы ұйымдар басшыларының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      10) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ барлық қызметкерлері мен қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, ұсынымдар енгізеді;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ атынан өкілдік етеді;

      12) қарамағындағы ұйымдар басшыларының қатысуымен "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ кеңестерін өткізеді;

      13) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      14) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      15) қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оларды аттестаттаудан өткізеді;

      16) басшыларының ұсынуы бойынша қарамағындағы ұйымдар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады және қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен еңбек шарттарын жасасады;

      17) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметкерлерін және қарамағындағы ұйымдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселелерді қарайды және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      18) "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      25. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      26. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мен тиісті саладағы уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнама, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартына сәйкес белгіленеді.

4-тарау. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мүлкі

      29. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      32. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі – КМҚК):

      1) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы" КМҚК;

      2) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Екібастұз медициналық колледжі" КМҚК;

      3) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы" КМҚК;

      4) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауылының дәрігерлік амбулаториясы" КМҚК;

      5) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Кенжекөл ауылының дәрігерлік амбулаториясы" КМҚК.

      2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ КМК):

      1) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Ғ. Сұлтанов ат. Павлодар облыстық ауруханасы" КМК;

      2) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық балалар ауруханасы" КМК;

      3) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" КМК;

      4) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық қан орталығы" КМК;

      5) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" КМК;

      6) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" КМК;

      7) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облысының Хосписі" КМК;

      8) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК;

      9) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы" КМК;

      10) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК;

      11) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық оңалту орталығы" КМК;

      12) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар қаласының № 3 емханасы" КМК;

      13) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар қаласының № 5 емханасы" КМК;

      14) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Екібастұз қалалық ауруханасы" КМК;

      15) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Екібастұз қаласының № 2 емханасы" КМК;

      16) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Екібастұз қаласының № 3 емханасы" КМК;

      17) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" КМК;

      18) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Ақтоғай аудандық ауруханасы" КМК;

      19) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Баянауыл аудандық ауруханасы" КМК;

      20) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Железин аудандық ауруханасы" КМК;

      21) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Ертіс аудандық ауруханасы" КМК;

      22) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Тереңкөл ауданының ауруханасы" КМК;

      23) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Аққулы ауданының ауруханасы" КМК;

      24) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Май аудандық ауруханасы" КМК;

      25) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар ауданының емханасы" КМК;

      26) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Успен аудандық ауруханасы" КМК;

      27) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Шарбақты аудандық ауруханасы" КМК;

      28) Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК;

      29) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы" КМК.

      3. Мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – ММ):

      1) "Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі" ММ;

      2) "Павлодар облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы" ММ.

      4. Коммуналдық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – КММ):

      1) "Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы" КММ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады