Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Павлодар қаласының аумағында Центральная көшесі 2, 6, 8 мекенжайында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Х. Хабылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады