Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 1-04/1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылының келесі көшелері:

      "Кооперативная" көшесі "Әйтеке би" көшесі болып;

      "Молодежная" көшесі "Төле би" көшесі болып;

      "Пионерская" көшесі "Қазыбек би" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бобровка ауылдық округінің әкімі Р. Умаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады