Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2023 жылғы 3 қарашадағы № 3 шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығының 2 бөлігінің 4- тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Май ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 18.10.2023 жылғы кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Май ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 13.11.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Төтенше жағдай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қарыздарын материалдық залалдың орнын толтырмай, қаржы институттарымен қайта құрылымдау үшін жарияланады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 13.11.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі А. Әмірин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады