Қалалық қатынастарда жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/437 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қалалық көлік қатынастарда жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі жолаушының бір сапары үшін 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады