"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату және тарату комиссиясын құру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 119 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 18-1-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тарату комиссиясы құрылсын.

      3. Тарату комиссиясы, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі", "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген мерзімдерде және тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққайың ауданы әкімінің м.а. Н. Тельтаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 01 маусымдағы
  № 119 қаулысына
  қосымша

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату жөніндегі комиссияның құрамы

Остертак
Евгений Иванович


-Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

 
Комиссия мүшелері

Галыгина
Елена Владимировна


-экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Жүсіпов
Жанат Құрманғалиұлы


-аудан әкімінің кеңесшісі

Садықов
Қанат Ескендірұлы


-жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Павлик
Любовь Николаевна


-жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады