Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 04 шешімі

      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2020 жылғы 27 тамыздағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және Кішкенекөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ кабылдаймын:

      1. Схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылындағы атауы жоқ көшесіне Қазбек Асқаров атауы берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі Қ.Сатвалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады