Бөкейхан ауылдық округінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 28 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде және Бөкейхан ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескеріп ШЕШТІМ:

      1. Бөкейхан ауылдық округі Бөкейхан ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:

      №1 көшеге – Дүйсенбай Сатылғанов есімі;

      №2 көшеге – Қайырмолла Қалиев есімі;

      №3 көшеге – Латиф Құрманбаев есімі;

      №4 көшеге – Өтепберген Исмағұлов есімі;

      №5 көшеге – Назымбек Аймашев есімі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушы Е. Тюмалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады