"Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 52 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурстарына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      А.Ш.Жетпісбай
      Е.А.Әлімқұлов
      Е.Кенжеханұлы
      Б.Д.Тәжібаев
      Қ.Ә.Қайыпбек
      А.Б.Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 52 қаулысына
қосымша

"Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы Ережелер

      1. "Түркістан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) діни қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20, индекс 161200.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасауға;

      басқарманың кұзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және өзге де отырыстар өткізу.

      2) міндеттері:

      азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Түркістан облысында орын алып жатқан процестерде азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер қызметі салаларындағы құқықтарының іске асуын жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау, талдау.

      16. Функциялары:

      1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;

      2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзу;

      3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу;

      4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;

      7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту үшін, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын бекіту жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      8) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

      9) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру;

      10) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 453, 490 баптарына сәйкес діни қызмет пен діни бірлестіктер саласында, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасауға, қатысуға, олардың қызметiн қаржыландыруға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;

      11) экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық алдын-алу және сақтандыруға бағытталған шараларын іске асыру;

      12) терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

      13) экстремизмнен сақтандыруға бағытталған келесі алдын алу шараларын іске асыруды: қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, тиісті аумақтарда құрылған діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметін зерделеуді жүзеге асыру, олар туралы деректер банкін жасау, өңірлік деңгейде ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асыру, өңірдегі діни ахуалды зерделеу мен талдау жүргізу;

      14) облыс аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      15) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;

      16) үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру;

      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерiн және Басқарма қарамағындағы мекеме басшысы мен басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың құзыретіне жататын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      4) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) келісімшарттар жасасады;

      6) сенімхаттар береді;

      7) банктік есеп-шоттар ашады;

      8) заңнамада белгіленген тәртіппен меморандумды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды дайындайды және оларға қол қояды;

      9) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;

      10) қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      13) Басқарма қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекеменің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      14) қызметкерлердің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;

      15) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      16) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

      17) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      18) Басқарманың бөлiмдерi туралы ережелердi бекiтедi;

      19) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      20) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

      21) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      22) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен, облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымның тізбесі:

      Түркістан облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады