Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 226 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекенінен 35 кВ электр желісінің құрылысы үшін 11, 116 гектар жер учаскесіне, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан уақытша өтеусіз қысқа 2 (екі) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А.Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады