"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 9 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімі ШешТі:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптары туралы" Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №4 шешіме келесі толықтыру енізілсін:

      көрсетілген шешім 29 қосымшамен толықтырылып, аудан әкімі кеңесшісінің біліктілік талабы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Жанесен

  Түлкібас ауданы әкімінің
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№9 шешіміне
қосымша
  Түлкібас ауданы әкімінің
2023 жылғы 9 маусымдағы
№4 шешіміне
29-қосымша

Аудан әкімінің кеңесшісі 1 бірлік – Е-3, №2-2

Көрсеткіш

Қойылатын талаптар

Білімі бойынша

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.

Қажетті құзыреттер бойынша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Жұмыс тәжірибесі бойынша

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады