Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 156 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келес ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 347 "2023 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      2) Келес ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 348 "2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Агибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады