Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмiнiң 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 7 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмiнiң 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмiнiң 05.01.2024 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесi!
      Осы шешiм 14.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33- бабының 2-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес және Сауран ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 8 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІМ:

      1. 2023 жылдың 14 желтоқсаннан бастап Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев тағайындалсын және осы шешіммен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім 2023 жылдың 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Таңғатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады