2023 жылы Орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде автокөліктердің, демалушылардың Қаратау орманшылығының аумағында орман, тоғай, орман қоры жерінде болуына шектеу қою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 109 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылдың 1 қарашасына дейін орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде демалушылардың, автокөліктердің мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеу қойылсын.

      2. Осы жұмысқа басшылық жасау Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ш.Хандуллаевқа (келісім бойынша) жүктелсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Таукебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі Ғ.Үсенбаев

  Сауран ауданы әкімдігінің
"12" сәуір 2023 жылғы
№ 109 қаулысына қосымша

Өрт қауіпі жоғары кезеңде автокөліктер мен демалушылардың кіруіне шектеу қойылатын орман қоры учаскелерінің тізбесі

Р/с

Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-нің атауы

Орманшылықтардың атауы, орамдардың нөмірлері

Алаңы га

1

Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-сі

Қаратау орманшылығы № 3, 4, 9 орамдары

1657 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады