Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы Қазақстан көшесіндегі № 11 үйге шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2 шешімі. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 04.07.2023 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 25 сәуірдегі 150 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы Қазақстан көшесіндегі № 11 үйге мүйізді ірі қара малында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солоновка ауылдық округінің әкімі М. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады