Тоқмансай ауылдық округі "Қасен" шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малдарының арасында пастереллез жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аумақтық инспекциясы" ММ басшысының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 02-06-14/48 ұсынысының негізінде Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі Қайнар ауылындағы "Қасен" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарының арасында пастереллез жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Тоқмансай ауылдық округінің әкімі Ш. Ж. Кушкимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады