Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 48 және 50 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына және 2024 жылғы 8 ақпандағы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 1 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. "Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімнің оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 ақпанынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

      Хромтау ауданының әкімі Н. Тлеумуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады