"Оңайлатылған іс жүргізу" пилоттық жобаны іске қосу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 40 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 27/НҚ бірлескен бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Жамбыл облысының Тараз қаласында "Оңайлатылған іс жүргізу" пилоттық жоба іске қосылсын.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Оңайлатылған іс жүргізу" пилоттық жоба шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмыс алгоритмі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату департаменті және Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (келісім бойынша) пилоттық жобаға әдістемелік қолдау көрсетсін.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті және Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (келісім бойынша) пилоттық жобаны техникалық іске асыруды және сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрлеріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_____________ А.Н. Есқараев
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
_____________ Б.Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№ 27/НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№ 40 бұйрығына
  қосымша

"Оңайлатылған іс жүргізу" пилоттық жоба шеңберінде атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмыс алгоритмі

      1. Осы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – АІЖ ААЖ) жұмыс алгоритмі Қазақстан Республикасы азаматтарынан 10 АЕК дейін әкімшілік айыппұлды өндіріп алу туралы оңтайландырылған іс жүргізу шеңберінде АІЖ ААЖ жұмысының тәртібін сипаттайды.

      Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІЖБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын ақпараттық жүйе, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылады.

      2. ӘІЖБТ-тан атқарушылық құжатты алған кезде АІЖ ААЖ-дан Мобильді азаматтар базасына борышкердің ұялы телефон номерін алу үшін сұрау салу жіберіледі. Мобильді азаматтар базасында борышкердің ұялы телефон нөмірі болған кезде АІЖ ААЖ-да оңайлатылған іс жүргізу қозғалады және ұялы байланыс арқылы оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны жүктеу үшін сілтемесі бар оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы хабарлама жіберіледі. Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлемей, атқарушылық құжат бойынша берешекті төлеуді көздейді.

      3. Борышкерге хабарлама жіберілгеннен кейін АІЖ ААЖ-да мынадай іс-әрекеттер жүргізіледі:

      3.1 борышкерден онлайн төлем алған кезде АІЖ ААЖ-да оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылады:

      1) оңайлатылған іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы қалыптастырылады;

      2) ӘІЖБТ-ге оңайлатылған іс жүргізуді қозғау және тоқтату туралы мәртебе жіберіледі;

      3) оңайлатылған іс жүргізудің "Тоқтатылды" деген мәртебесі қойылады.

      3.2 Оңайлатылған іс жүргізу қозғалған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн өткен соң АІЖ ААЖ-да:

      1) оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы қаулының күшін жою туралы қаулы қалыптастырылады, атқарушылық құжат сот орындаушыларына автоматты түрде бөлуге беріледі;

      2) оңайлатылған іс жүргізу мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.

      3.3 Борышкер хабарлама алғаннан кейін оңайлатылған іс жүргізуді қозғау фактісімен келіспеген жағдайда:

      1) борышкер сілтеме бойынша өтіп, "Келіспеймін" батырмасын басады;

      2) оңайлатылған іс жүргізуді қозғау туралы қаулының күшін жою туралы қаулы қалыптастырылады, атқарушылық құжат сот орындаушыларына автоматты түрде бөлуге беріледі;

      3) оңайлатылған іс жүргізудің мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады