"Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 318 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 160 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 318 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 298-бабында (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      27-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 305-бабында (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) Басқарма қарамағындағы мекеменің басшысын тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      мынадай редакциядағы 25-тармақпен толықтырылсын.

      "25. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің "Шымкент қалалық газ техникалық қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".".

      2. "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы М. Абдинуровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Ергешбекке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы
әкімдігінің 2024 жылғы
"____"___________ № ____ қаулысына
қосымша
  Шымкент қаласы
әкімдігінің 2022 жылғы
22 ақпандағы № 318
қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтырулардың мәтіні

      "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 318 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 298-бабында (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      27-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 305-бабында (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) Басқарма қарамағындағы мекеменің басшысын тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      мынадай редакциядағы 25-тармақпен толықтырылсын.

      "25. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің "Шымкент қалалық газ техникалық қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады