Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 1992 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 02-04/217-И ұсынуы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы Абай ауданы Асар-2 мөлтек ауданы Бойтұмар көшесі аумағында пайда болған иттен құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 231 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Кәрімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады