Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 113 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1) Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін.

      2) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің "Аягөз қаласының аумағында қалалық қатынастар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгілеу туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №732 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3678 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау көлік карталары арқылы және интернет желісі арқылы ұялы байланыс құрылғыларымен қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:

      Ересектерге- 80 (сексен) теңге мөлшерінде;

      Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 40 (қырық) теңге мөлшерінде;

      2. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:

      Ересектерге- 160 (жүз алпыс) теңге мөлшерінде;

      Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.

      3. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.

      4. "Абай облысы Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысы Әділет департаменті органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Аягөз қаласы әкімдігінін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Татеновке жүктелсін.

      Аягөз ауданының әкімі Қ. Әділбай

 

      КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "08" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады