Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 1 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 2 шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің 13.03.2024 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқрау туралы" Заңының 37 – бабына,Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына,Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32469 болып тіркелді), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" №325 қаулысына сәйкес және Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2024 жылғы 16 ақпандағы№2 хаттамасы негізінде, Көкпекті ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай облысының Көкпекті ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасарыМарат Капарович Темиржановтағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс – шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады