Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 19 қаулысы

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

  Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы "29" қаңтардағы № 19 қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – тәртіп пен шарттар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар төлеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер жалақы болып табылады.

      Осы тәртіп пен шарттарда көрсетілген Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемақыларын төлеу қызметкерлерді еңбекке ынталандырудың басқа түрлерін (сыйлықақы, қосымша төлемдер, лауазымды біріктіру, үстеме жұмыс) төлемеуге негіз болып табылмайды.

      3. Мекемеде кредиторлық берешектің болуы Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемақыларын төлеуге кедергі келтірмейді.

      4. Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында Мекеменің қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.

      Үстемеақылар төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.

      5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырып, өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік өтінімді Жамбыл облыстық мәслихатының қарауына ұсынады.

      7. Мәслихаттың оң шешіміне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өтінімді бюджеттің орындалуы жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

2-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі

      8. Үстемеақылар Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешіміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығымен белгіленеді. Комиссияның қарауына қызметкерлерге үстемеақылар белгілеу жөніндегі ұсынысты Мекеме басшысы енгізеді.

      9. Мекеме басшысына үстемеақы белгілеу жөніндегі ұсынысты комиссияның қарауына Басқарма басшысы енгізеді.

      10. Комиссияны құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді Басқарма басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қабылдайды.

      11. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақсанды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.

      12. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

      13. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      14. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      15. Қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу комиссияның отырысында жылына бір рет қаралады.

3-тарау. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары

      16. Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар:

      1) қылмыстық атқару жүйесінде экстремизм мен терроризм баптары бойынша бас бостандығынан айырылғандармен оңалту жұмыстарын жүргізгені;

      2) діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтайтын жалған діни ағым ұстанушылармен және олардың жақын туыстарымен, достарымен жеке оңалту жұмыстарын жүргізгені;

      3) шетелдік теологиялық оқу орындарында бейресми негізде оқып жатқан адамдармен және оқып келгендермен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені;

      4) дін мәселелері бойынша сенім телефоны жұмысын (тікелей желі) ұйымдастырғаны, теріс діни ағымдардың қызметінен өмірлік қиын немесе дағдарысты жағдайларға түскен, сенім телефоны бойынша хабарласқан адамдарға жедел психологиялық, консультациялық және құқықтық көмек көрсеткені;

      5) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны;

      6) комиссияның шешімімен өзге де еңбек жағдайлары үшін белгіленуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады