Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңартылған

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 2 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50- бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі №2 хаттамасы негізінде, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 11.04.2024 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Мұрат Есіркепұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Қожықаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады