Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 14/01 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №149 бұйрығына сәйкес аумақтағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді жетілдіру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:

      1) Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерімен келісім бойынша осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелері туралы өңірлік ережені әзірлесін және бекітсін;

      2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйелерінің қызметіне тұрақты басшылықты жүзеге асырсын.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №07/02 "Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың облыстық аумақтық кіші жүйесі туралы" қаулысының күші жойылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі туралы" қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

      Келісілді

      "ҚР ТЖМ Қарағанды облысының

      Төтенше жағдайлар департаменті" ММ бастығы

      ____________ М. Қ. Қатпанов

      ________________ 2024 ж.

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы " 7 " наурыздағы
№ 14/01
қаулысына қосымша

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 ақпандағы №149, "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №945, "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрықтарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің "Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына, Қарағанды облысы әкімінің "Облыстық Азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы" 2015 жылғы 5 маусымдағы №71ө, "Қарағанды облысының шұғыл ден қою жиынтық жасағын құру туралы" 2026 жылғы 8 қыркүйектегі №127р өкімдеріне сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесінің міндеттерін, құрылымын, жұмыс істеуін ұйымдастыру және оның тәртібін, сондай-ақ объектілік және жергілікті төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнің Қарағанды аумақтық кіші жүйесі (бұдан әрі – АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі) – Қарағанды облысының халқын, объектілері мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстар салдарынан туындайтын қауіптерден қорғау жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған, азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы.

      Әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, ұлтаралық қақтығыстардың, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің құзыретiне кiрмейдi.

      Әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, ұлтаралық қақтығыстардың, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің құзыретiне кiрмейдi.

      3. АҚЖМ аумақтық кіші жүйесінің негізгі міндеттері:

      1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;

      2) төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;

      3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;

      4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;

      5) қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының запастарын және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау және әзірлікте ұстап тұру;

      6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру;

      7) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау;

      8) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;

      10) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру.

2. АҚМЖ кіші жүйесінің құрылымы мен құрамы

      4. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі мен АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің аумақтық буындары азаматтық қорғауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған және олардың 2 деңгейі бар: аумақтық және объектілік.

      5. АҚМЖ аумақтық кіші жүйенің аумақтық буындары (бұдан әрі – аумақтық буындар) қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес келеді.

      6. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі мен аумақтық буындар қамтиды:

      1) азаматтық қорғаудың басқару органдары – жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, салалық кіші жүйелердегі Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері.

      Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету және осы мақсатта күштер мен құралдарды дайындау үшін басқару органдарының құрамына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімдерімен аумақтық кіші жүйенің азаматтық қорғау қызметтері құрылады:

      Өртке қарсы қызмет – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған (келісім бойынша);

      Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған (келісім бойынша);

      Медициналық қызмет – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Инженерлік қызмет – "Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Сауда, тамақтану және жанар-жағармай материалдарының қызметі –"Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Радиациялық және химиялық қорғау қызметі – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған (келісім бойынша);

      Байланыс қызметі – "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Көлік қызметі – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің "Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған (келісім бойынша);

      Жолдар мен көпірлер қызметі – "ҚазАвтоЖол "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық филиалының базасында құрылған (келісім бойынша);

      Энергетика қызметі – "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Гидрометеорологиялық қызмет – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының базасында құрылған (келісім бойынша);

      Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі – "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Сумен жабдықтау және су көздерін қорғау қызметі – "Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған;

      Авиакөлік қызметі – "Сарыарқа әуежайы" акционерлік қоғамының базасында құрылған (келісім бойынша).

      2) басқару пункттері (арнайы жабдықталған және техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен, азаматтық қорғауды басқару органдарының жұмысын орналастыруға және қамтамасыз етуге арналған құрылыстар немесе мемлекеттік органдардың көлік құралдары), жедел-кезекші қызметтер;

      3) консультативтік-кеңесші органдар – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамы, сондай-ақ олар туралы ережелер жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалады;

      4) АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің, аумақтық буындардың күштері мен құралдары, оның ішінде:

      4.1) азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары:

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және аумақтық бөлімшелерінің құралымдары;

      облыс аумағында орналасқан кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары;

      ықтимал қауіпті объектілердің авариялық-құтқару қызметтері;

      мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің авариялық-құтқару қызметтері;

      облыс аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы мен Қарулы Күштерінің бөлімшелері;

      ерікті авариялық-құтқару қызметтері және азаматтық қорғау құралымдары (жеке, заңды тұлғалар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар құрған және арнайы техникамен, жабдықтармен және құралдармен жарақтандырылған құралымдар);

      азаматтық қорғаудың аумақтық және объектілік құралымдары (әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары мен тиісті ұйымдары құрған құралымдар);

      дайындығы жоғары шұғыл ден қоюдың жиынтық жасақтары (азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ұсынуы бойынша қолданыстағы аумақтық азаматтық қорғау құралымдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары мен объектілік құралымдары қатарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған).

      4.2) Жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволық бағынысты мекемелері (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының аумағында орналасқан аумақтық бөлімшелері (келісім бойынша);

      облыс, қалалар және аудандар әкімдіктерінің кезекші-диспетчерлік қызметтері;

      облыс аумағында орналасқан орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кезекші-диспетчерлік қызметтері;

      ықтимал қауіпті объектілердің кезекші-диспетчерлік қызметтері;

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша);

      "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалы (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша).

      5) байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері:

      аумақтық деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарын қамти отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі;

      объектілік деңгейде – адамдар жаппай болатын объектінің, қауіпті өндірістік объектінің аумағын және төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халықты қамти отырып, жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.

      6) Қарағанды облысының аумағында орналасқан салалық кіші жүйелердің және аумақтық буындардың қаржылық, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық ресурстары.

      7. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі мен аумақтық буындардың қызметін үйлестіруді шешімдері ұсынымдық сипатта болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі тиісті аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.

      8. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің объектілік деңгейіне: ұйымдар, ұйымдардың кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi ұйымдардың (объектілердің) басшылары жүзеге асырады.

      9. Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешуге қоғамдық бірлестіктер ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының заңнамасына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатысуға құқылы. Мiндеттердi халықтың арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, құтқарушы немесе ерікті өрт сөндіруші мәртебесі болған кезде төтенше жағдайларды жоюға қатысу, гуманитарлық және өзге көмек ұсыну жолымен шешедi.

3. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің басшылығы мен басқару органдары

      10. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесіне және аумақтық буындарға басшылықты:

      1) аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері;

      2) объектілік деңгейде – ұйымдардың басшылары.

      11. Қарағанды облысының аумағында азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді облыстың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы, оның ішінде:

      1) қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар;

      2) облыстың, қалалар мен аудандардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

      3) азаматтық қорғаныс санаттарына жататын ұйымдардың, олардың басшыларының шешімі бойынша құрылатын эвакуациялық комиссиялар жүзеге асырады.

      Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрылымы мен құрамы, сондай-ақ олар туралы ережелер жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалады.

      Жергілікті атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссияларының құрылымы мен құрамы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының шешімдерімен айқындалады.

      12. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің күнделiктi басқару органдары аумақтық буындарының жұмыс iстеуiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.

      АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі мен аумақтық буындардың күнделiктi басқару органдарын орналастыру тиiстi байланыс және құлақтандыру құралдарымен жарақтандырылатын және пайдалануға тұрақты даярлықта ұсталатын басқару пункттерiнде жүзеге асырылады

4. Жұмыс істеудің әртүрлі режимдерінде АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің қызметін ұйымдастыру тәртібі

      13. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің қызметiне бейбiт уақытта және соғыс уақытында азаматтық қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау, әзiрлеу және жүзеге асыру кiредi.

      Жағдайға қарай АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің жұмыс iстеуiнiң үш: күнделiктi қызмет, жоғары әзiрлiк, төтенше жағдай режимі болады.

      14. Төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде және олардың салдарлары кезінде азаматтық қорғау органдары мен күштерінің өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу алгоритмдері, тәртібі Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 15-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарының 4.1-4.20-қосымшаларындағы өзара іс-қимыл схемаларына (алгоритмдеріне) сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Жағдайға байланысты АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі мен аумақтық буындары біруақытта әртүрлі режимдерде жұмыс істей алады.

      1) Күнделікті қызмет режимі (төтенше жағдай қаупінің болмауы) – төтенше жағдайлардың туындау қаупінің болмауымен сипатталатын АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің, оның ведомстволық бағынысты аумақтық буындарының жұмыс істеу тәртібі.

      Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды өткізеді:

      төтенше жағдайларды болжау;

      халықты, объектілерді және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпарат жинау, өңдеу және алмасу;

      төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;

      төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу және іске асыру;

      азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау;

      халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау;

      азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;

      төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға арналған материалдық ресурстар резервтерін құру, орналастыру, сақтау және толықтыру;

      өздерінің өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

      2) Жоғары әзірлік режимі (төтенше жағдай туындау қаупі) – төтенше жағдайлар туындау қаупі кезінде енгізілетін АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі мен аумақтық буындардың жұмыс істеу тәртібі.

      Жоғары әзірлік режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды өткізеді:

      төтенше жағдайлар мен олардың салдарының туындауын болжау;

      төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын түзету;

      қажеттілік болғанда басқару пункттерінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдарының тәулік бойы кезекшілігін енгізу;

      болжанатын төтенше жағдайлар туралы деректерді жинау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне жіберу, мемлекеттік органдар мен халыққа олардан қорғану тәсілдері туралы хабар беру;

      төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және жою, олар туындаған жағдайда келтірілетін нұқсан мен шығындардың мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын және қауіпсіздігін арттыру бойынша жедел шаралар қабылдау;

      төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервтерін толықтыру;

      қажеттілігіне қарай эвакуациялық іс-шаралар өткізу;

      3) Төтенше жағдай режимі (төтенше жағдайдың туындауы) – төтенше жағдай туындағанда және оны жою кезінде енгізілетін аумақтық кіші жүйесі мен аумақтық буындардың жұмыс істеу тәртібі.

      Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды өткізеді:

      төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;

      туындаған төтенше жағдайлардың және олардың салдарының дамуын болжау;

      төтенше жағдайлардың туындау және олардың салдары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ халықты хабарландыру;

      төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен туындаған төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының және Ұлттық ұланның, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану;

      төтенше жағдай аймағындағы жағдай және оны жою жұмыстарын жүргізу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;

      төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру және қолдау;

      төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізу.

      АҚМЖ кіші жүйелерінің және аумақтық буындарының жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелермен (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері) келісу бойынша жергілікті атқару органдарының басшылары қабылдайды.

      Объектілік деңгейде жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері) хабарлай отырып, объектілердің басшылары қабылдайды.

5. Төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы хабарлау, құлақтандыру тәртібі

      16. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз етудi ақпараттық жүйе жүзеге асырады. Халықты және басқару органдарын құлақтандыру Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 5, 47-баптарында, "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №945 бұйрығында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      17. Қарағанды облысы аумағында құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады:

      1) аумақтық деңгейде – облыс аумақтарын қамти отырып, облысты құлақтандыру жүйесі;

      2) объектілік деңгейде – адамдар жаппай болатын объектінің аумағын, қауіпті өндірістік объектіні және төтенше жағдайдың таралуының есептік аймағына түсетін халықты қамти отырып, жергілікті хабарлау жүйесі

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі құлақтандыру сигналдары мен ақпараттарды жеткізуді қамтамасыз етеді:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша облыс (облыс аумағының бір бөлігі) халқының не ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің халқына дейін;

      2) жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар;

      3) шұғыл және авариялық қызметтер;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы азаматтық қорғау күштері.

      18. Жергілікті құлақтандыру жүйесі (бұдан әрі - ЖҚЖ):

      1) төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа;

      2) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым жұмыскерлеріне;

      3) адамдар жаппай болатын объектінің аумағындағы жеке тұлғаларға;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына;

      5) төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан заңды тұлғалардың басшыларына және кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      ЖҚЖ-ның қолданылу аймағының шекаралары қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы авариялардан қауіпті факторлардың әсер ету аумағының (аймағының) шекаралары болып табылады, бұл объектілер мен құрылыстарды орналастыру аумағынан тыс жерлерде тұратын немесе шаруашылық қызметті жүзеге асыратын халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі бар.

      ЖҚЖ қолдану аймағының шекаралары:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларында айқындалатын негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймақтарына (авариялардың, инциденттердің әртүрлі сценарийлері кезіндегі негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағын бағалау) сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді құруға (реконструкциялауға) арналған техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12660 болып тіркелген) гидротехникалық құрылыстардың бөгет қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларында айқындалатын су басу аймақтарына, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекараларына сәйкес құруға (реконструкциялауға) арналған техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде айқындалады.

      19. Төтенше жағдай туындаған кезде төтенше жағдай фактісі және жағдай туралы ақпарат беріледі:

      барлық деңгейдегі әкімдер аппараттары, ұйымдары, сондай-ақ халқы – дереу "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесіне және оның ведомстволық бағынысты мекемелеріне және Қарағанды облысының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды;

      ұйымдар – өз өкілеттіктеріне сәйкес дереу жоғары тұрған органдарға. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісінің командасы бойынша ұйымдардың басшылары немесе объектіде төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған жағдайда дербес ұйым қызметкерлеріне, авариялық-құтқару қызметтеріне, кезекші-диспетчерлік қызметтерге және төтенше жағдайдың таралу аймағында тұратын халыққа нысан деңгейіндегі жүйелерді іске қосу арқылы хабарлайды.

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі – дереу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайларын басқару орталығына хабарлайды;

      Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімімен келісім бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы жүргізеді.

      Жаһандық және өңірлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпарат қосымша беріледі:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының шекаралас әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдеріне.

      20. Құлақтандыру тәртібі тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға, сондай-ақ халыққа "Баршаның назарына!" төтенше жағдайдың туындауы немесе қаупі және қалыптасқан жағдайларда іс-қимыл тәртібі туралы ақпараттық хабарламаларды жедел жеткізу болып табылады.

      21. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын берген сәттен бастап шұғыл түрде төтенше жағдай туралы және қалыптасқан жағдайдағы халықтың іс-қимыл тәртібі туралы ақпараттық хабарламаларды мынадай жолдармен:

      1) эфирлік телерадио хабарларын тарату арналарын трансляциялауды тоқтату арқылы ақпараттық бейне - және дыбыс хабарламаларын беру арқылы;

      2) ұялы байланыс операторларының желілері бойынша мәтіндік хабарламаларды халықтың ұялы телефондарына жіберуді;

      3) деректерді берудің сымсыз желілері арқылы мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, дыбыстық, графикалық, мәтіндік және дауыстық хабарламаларды беруді;

      4) сиреналық-сөйлеу құрылғыларын және әртүрлі ведомстволық тиесіліктегі жылжымалы құлақтандыру құралдарын пайдалана отырып, дыбыстық және дауыстық хабарламаларды беруді;

      5) халық көп жиналатын орындарда ақпараттық терминалдарды пайдалана отырып мәтіндік хабарламалар беруді;

      6) ақпарат уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің ведомстволық интернет-ресурсында, сондай-ақ өзге де қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды ұйымдастырады.

      22. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы іске қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше жағдайдың туындау қатері немесе туындауы туралы және қалыптасқан жағдайда адамдардың әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты бір уақытта және бірнеше рет қайталап жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      23. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы бойынша тұрғындар қалыптасқан жағдайда іс-әрекеттер туралы нұсқаулықтарды алу және орындау үшін ақпаратты қабылдаудың қолжетімді құралдарын пайдаланады.

      24. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қолданылуы туралы ақпаратты қадағалау, ахуалды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде радиациялық ахуалды бақылау жүйелері және меншік нысанына қарамастан өзге де құзыретті ұйымдар қалыптастырады және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне береді.

6. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінде даярлау және оқыту

      7. АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінде ұйымдастыруды жетілдіру, жүйенің басқару органдарының, күштер мен құралдарының әзірлігін және дайындығы деңгейін тексеру мақсатында жыл сайын оның кіші жүйелерінде және буындарында оқу-жаттығулар мен машықтанулар жоспарланады және өткізіледі. Оқу-жаттығулар мен машықтанулар түрлерін, олардың мерзімдерін, ауқымдарын және өткізу жоспарларын сәйкесінше бірінші басшылар – азаматтық қорғаныс бастықтары бекітеді.

      8. Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын, халықты төтенше жағдайлар кезiнде қорғану тәсiлдерiне оқыту, сондай-ақ даярлау және қайта даярлау Заңның 46-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қауіпті өндірістік объектілердің, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін оқыту және білімін тексеру (емтихандар) Заңның 72, 79-баптарында белгіленген тәртіпте берілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.

      9. Төтенше жағдайлар кезiнде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауiпсiздiгi мен қорғалуы және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң орнықты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк бағдарламалардағы іс-шараларды орындауды төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың тұрақсыздандыру ықпалын азайту жөнiндегi қаржы, несие-инвестиция саясатын үйлестiру мақсатында, сондай-ақ авариялардың, апаттардың, табиғи және басқа да зiлзалалардың зардаптарын жоюға даярлау мақсатында тиiстi орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

7. Төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру тәртібі

      10. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жоюға тікелей басшылықты тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің шешімімен тағайындалған Төтенше жағдайларды жою басшысы (жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы) жүзеге асырады.

      11. Төтенше жағдайларды жоюды төтенше жағдайлар пайда болған аумақтар мен объектiлерде АҚМЖ аумақтық кiшi жүйелерiнiң және аумақтық буындардың күштерi мен құралдары жүзеге асырады.

      12. Азаматтық қорғау күштерін азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, АҚМЖ аумақтық жүйелерінің түрлi деңгейлердегі басшылық органдары өз мүмкiндiктерiнiң шегiнде елiмiздiң түрлi өңірлерінде төтенше жағдайларды жедел оқшаулау және жою жұмыстарын жүргiзу үшiн тартылады.

      Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебінен қамтылмайтын ұдайы әзiрлiктің күштері төтенше жағдайды жою басшысының шешiмi бойынша құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарын орындауға тартылады.

      Ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Орталық" және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Астана" өңірлік қолбасшылықтарының, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларына (өзара іс-қимыл) сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің құтқарушы немесе ерікті өрт сөндіруші мәртебесі болған кезде төтенше жағдайларды жоюға қатысуға құқығы бар.

      Қоғамдық бірлестіктер зардап шеккендерге шұғыл гуманитарлық және өзге де көмек көрсету жөніндегі өз қызметін уәкілетті органмен немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен үйлестіреді, олардың іс-қимылдары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі тиісті іс-қимылдар жоспарларында көрініс табуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады