Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 16/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабының 4 тармағына, 17 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қарағанды-Теміртау су құбырын пайдалану және одан әрі реконструкциялау үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 3,5618 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуге, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын (келісім бойынша);

      жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау қажет;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұқар жырау ауданының әкімі А.Султангали

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
қаулысына
2024 жылғы 4 наурызда
№16/04 қосымша

"Теміртау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Жер учаскесінің меншік иесінің атауы (жер пайдаланушының)

Кадастрлы нөмері

Қауымдық сервитут орнатудың жалпы аумағы, гектар

1

Карпеев Нурмуханбет Каримович

09-140-101-189

1,2415

2

Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы

09-140-103-072

0,8318

3

"Qaz Carbon" (Каз Карбон)" жауапкершірлігі шектеулі серіктестігі

09-140-103-251

0,1021

4

"Asia track engineering" жауапкершірлігі шектеулі серіктестігі

09-140-103-235

1,3864


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады