Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 1 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 19.03.2024 № 2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Бақты ауылдық округінің Бақты ауылында және Бесоба ауылдық округінің Бесоба ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Дархан Саулеханович Жиенбаев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 03 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады