Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 03 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қоргау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Красная поляна, Талды, Өспен, Көктіңкөлі, Киікті, Кеншоқы, Ортау, К.Мыңбаев ауылдық округтерінің және Ақадыр, Мойынты, Ақжал, Ақшатау, С.Сейфуллин, Дәрия кенттерінің аумағында, сонымен қатар, республикалық маңыздағы "Алматы – Екатеринбург" тас жолында су тасқынының орын алуына байланысты, 2024 жылдың 29 наурызынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Карсембаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды өткізуді тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М.Мұхтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады