"Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысы

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 03-06-831 ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4539 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2024 жылғы "10" қаңтардағы
№ 5 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы "23" қазандағы
№ 334 қаулысына қосымша

Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантиндік аймақ

Әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары

Барлық залалданған аумақ, гектар

Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар

жатаған (қызғылт) кекіре

арам сояулар

калифорниялық қалқаншалы сымыр

қауын шыбыны

1.

Арал ауданы

85,5

7,5

0

5

73

2.

Қазалы ауданы

255,505

4

23,005

8,5

220

3.

Қармақшы ауданы

395,5

10

257

8,5

120

4.

Жалағаш ауданы

519,02

40

303,02

9

167

5.

Сырдария ауданы

412

40

194

10

168

6.

Шиелі ауданы

838

75

95

8

660

7.

Жаңақорған ауданы

919

35

519

10

355

8.

Қызылорда қаласы

94,9

0

66,9

11

17

Барлығы

3519,425

211,5

1457,925

70

1780


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады