Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққұм ауылдық округіндегі Шижаға елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы Шижаға көшесінің шығыс бетіндегі 1-қатарына Құдайберген Смановтың есімі;

      2) Аққұм ауылдық округі, Шижаға ауылындағы Шижаға көшесінің батыс бетіндегі 1-қатарына Сұраған Мырзаевтың есімі;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққұм ауылдық округінің әкімі Н. Жандаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады