"ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 178 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамына жерасты газ құбырын орналастыру үшін көлемі 0,0261 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Бектегенов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Шалабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж. Қайнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады