Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шаралар өткізілсін.

      3. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Ерикович Исмагулов табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға басшы болып тағайындалсын.

      4. "Қостанай қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы шешімді Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады