Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 567 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 93, № 95, № 96, 2024 жылғы 1 наурыздағы № 101 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 11 сәуірдегі
  № 567 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының желісіне қосылғанға дейін № 2, № 2 Д үйлердің арасында мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0252 гектар, инженерлік коммуникацияларды (сумен жабдықтау желілері) жүргізу үшін;

      2) Қостанай қаласы, Жуковский 1-өтпе жолы көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0729 гектар, су бөлу желісіне қызмет көрсету үшін;

      3) Қостанай қаласы, 5 шағын ауданы, № 10 және № 14 үйлердің арасында мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0287 гектар, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;

      4) Қостанай қаласы, Киевская көшесі, № 24 және № 24/1 үйлердің арасында мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0290 гектар, жылумен жабдықтау желісіне қызмет көрсету үшін;

      5) Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 91-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0229 гектар, инженерлік желілерді (жылумен жабдықтау құбырлары) жүргізу үшін;

      6) Қостанай қаласы, Кубеев көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0324 гектар, инженерлік желілерді (жылумен жабдықтау құбырлары) жүргізу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады