2022 жылғы 01 сәуірдегі № 122 "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 62 қаулысы

      Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 122 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде көрсетілген қаулымен бекітілген:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;".

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар ету;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберу;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады