Новоселов ауылдық округінің әкімі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 18 тамыздағы № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімі

      Новоселов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Новоселов ауылдық округінің әкімі 2023 жылғы 18 тамыздағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне мындай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін, осылайша: шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға), эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді."

      2. "Новоселов ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      А. Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады