Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 125/12 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.

      2. Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" № 21/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 76/6, 2024 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 "Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 116/10 шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы И. Теренченко

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2024 жылғы
26 сәуірдегі № 125/12
шешіміне қосымша

1-бөлім. Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар

      1. "Риоцигуат", "Өкпе гипертензиясы" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;

      2. "Мацитентан", "Өкпе гипертензиясы" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;

      3. "Интерферон альфа 1b (Ингарон)", "Бастапқы иммун тапшылығы" ауруы бар азаматтарға мұрынішілік енгізуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизат;

      4. "Бепантен", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған жақпа май;

      5. "Банеоцин", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" ауруы бар азаматтарға арналған ұнтақ;

      6. "Ритуксимаб" (Мабтера), "Вегенера Гранулемотозы" ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітіндіні дайындау үшін концентрат;

      7. "Натрий колистиметаты", "Көмей стенозы" ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ;

      8. "Тобрамицин", "Көмей стенозы" ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді;

      9. "Будесонид", "Көмей стенозы" ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді;

      10. "Сальбутамол", "Көмей стенозы" ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған аэрозоль;

      11. "Повидон-йод", "Көмей стенозы" ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған ерітінді;

      12. "0,9% натрий хлориді изотоникалық ерітінді", "Көмей стенозы" ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді;

      13. "Диспенсері бар сыртқы қолдануға арналған құрамында спирті бар антисептик", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға;

      14. "Хлоргексидин", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға сыртқы қолдануға арналған ерітінді;

      15. "0,9% натрий хлориді изотоникалық ерітінді", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді;

      16. "MENALIND", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" ауруы бар азаматтарға қорғанысты май-спрей;

      17. "MENALIND", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" ауруы бар азаматтарға қорғанысты көбікше (протектор);

      18. "MENALIND", "Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы" бар азаматтарға ваннаға арналған көбікше;

      19. "Ломустин", GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы ауруы бар азаматтарға капсула;

      20. "Прокарбазин", GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы ауруы бар азаматтарға капсула;

      21. "Этеплирсен" (Экзондис 51), Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы ауруы бар азаматтарға тамырішілік қолдануға арналған ерітінді;

      22. "Урсодезоксихол қышқылы", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға арналған сироп;

      23. "Адеметеонин лиофилизат", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға ерітінді дайындау үшін лиофилизат;

      24. "Глюкоза-калий-магний ерітіндісі, резервтік сілтілік тасығыштары бар", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға тамырішілік енгізуге арналған ерітінді;

      25. "Калий хлориді", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға изотоникалық ампулалардағы 4% ерітінді;

      26. "Кальций глюконаты", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға изотоникалық ампулалардағы 10% ерітінді;

      27. "Метронидазол", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;

      28. "Нистатин", Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;

      29. Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) ауруы бар азаматтарға: "циклотауролидином, цитратом 4%", "гепарин", "тауролидин", "Урокиназа" катетерлерін жабуға арналған ерітінді;

      30. "Алектиниб", "Өкпе обыры" ауруы бар азаматтарға арналған капсула;

      31. "Денозумаб", "Өкпе обыры" ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      32. "Канакинумаб", "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруы бар азаматтарға ерітінді дайындау үшін лиофилизат, тері астына инъекцияға арналған ерітінді;

      33. "Эврисди" (Рисдиплам), "Жұлын бұлшықетінің дистрофиясы" ауруы бар азаматтарға арналған ампула;

      34. "Цинрайз", "Тұқым қуалайтын ангионевроздық синдром" ауруы бар азаматтардың инъекциясына арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;

      35. "Имукин", "Бастапқы иммун тапшылығы" ауруы бар азаматтардың инъекциясына арналған ерітінді;

      36. "Тедуглутид", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтардың инъекциясына арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;

      37. "Селексипаг", "Өкпе гипертензиясы" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;

      38. "Сиролимус", "Лимфангиолейомиоматоз" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;

      39. "Менадион натрий бисульфиті тригидраты", Ледд синдромы, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтардың инъекциясына арналған ерітінді;

      40. "Дексапантенол", "Ихтиоз", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" аурулары бар азаматтарға арналған 5% сыртқы қолдануға арналған жақпа май;

      41. "Дексапантенол", "Ихтиоз", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" аурулары бар азаматтарға арналған 5% сыртқы қолдануға арналған крем;

      42. "Эпадерм" 500 гр. кремі, "Ихтиоз", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" аурулары бар азаматтарға арналған құрғақ теріге қарсы жұмсартқыш;

      43. "Эпадерм" 500 гр. жақпа майы, "Ихтиоз", "Туа біткен буллезді эпидермолиз" аурулары бар азаматтарға арналған құрғақ теріге қарсы жұмсартқыш;

      44. "Сулодексид" (Вессел Дуэ Ф), "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді;

      45. "Адиарин регидрокешенді", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған тұз ерітіндісі;

      46. "Альтеплаза" (50 мг инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған Лиофилизат: еріткіші бар құты) "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған;

      47. "Тримебутин", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған 152,5 мг суспензия;

      48. "Экулизумаб" атипті гемолитикалық-уремиялық синдром аясында созылмалы бүйрек ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат;

      49. "Омализумаб", "Созылмалы қайталанатын есекжем" ауруы бар азаматтардың инъекциясына арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;

      50. "Экулизумаб", Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия (Маркиафава-Микели) ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат;

      51. "Тобрамицин", ингаляцияға арналған ерітінді, "Натрий Колистиметаты", "Балалардың церебральды сал ауруы", "Пневмония", "Гидроцефалия" ауруы бар азаматтарға ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;

      52. "Азтреонам", Кистозды фиброз (Муковисцидоз) ауруы бар азаматтарға арналған көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді;

      53. "Урсодезоксихол қышқылы", Кистозды фиброз (Муковисцидоз) ауруы бар азаматтарға арналған капсула;

      54. "Ацетилцистеин", трахеостомиялық түтігі және көмей стенозы бар азаматтар үшін ішке қабылдауға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;

      55. "Ритуксимаб", "Девик Оптикомиелиті" ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат;

      56. "Анакинра", "Ювенильді идиопатиялық артрит" ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      57. "Даратумумаб", "Көптеген миелома" ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      58. "Ленватиниб", "Қатерлі ісіктер" ауруы бар азаматтарға арналған капсула;

      59. "Тофацитиниб" таблеткада, суспензия түрінде, "Ювенильді идиопатиялық артрит", "Жасөспірімдер полиартриті" аурулары бар азаматтарға;

      60. "Ланаделумаб" "Тұқым қуалайтын ангионевроздық синдром" ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      61. "Сипонимод" таблеткада, "Жайылған склероз" ауруы бар азаматтарға;

      62. "Кладрибин" таблеткада, "Жайылған склероз" ауруы бар азаматтарға;

      63. "Офатумумаб", "Жайылған склероз" ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      64. "Дорназа альфа" (Пульмозим), "Муковисцидоз" ауруы бар азаматтарға ингаляцияға арналған ерітінді. Жеке көтере алмаушылық жағдайында;

      65. Инфликсимаб, "Бехчет ауруы" ауруы бар азаматтарға инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;

      66. "Рифаксимин", қабыршықпен қапталған таблетка, "Бауыр циррозы" ауруы бар азаматтарға;

      67. "Урсодезоксихол қышқылы", 250 мг. капсула, "Бауыр циррозы" ауруы бар азаматтарға;

      68. "Ритуксимаб", "Жүйелі склероз (жүйелі склеродермия)" ауруы бар азаматтарға инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат;

      69. "Секукинумаб", "Псориатикалық артропатия" ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      70. "Ботулиникалық токсин", "Тұқым қуалайтын спастикалық параплегия" ауруы бар азаматтарға бұлшық ет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;

      71. "Ритуксимаб", "Миастения" ауруы бар азаматтарға инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат;

      72. "Омализумаб", "Бронхиалды астма" ауруы бар азаматтарға жиынтығында еріткіші бар инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;

      73. "Гуселькумаб", "Псориаз" ауруы бар азаматтарға тері астына егуге арналған ерітінді;

      74. "Адалимумаб", Ювенильді артрит ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді;

      75. Голимумаб, Ювенильді артрит ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді.

2-бөлім. Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін арнайы емдік өнімдер

      1. "Арнайы емдік тағам" (Нутрикомп дринк плюс, Нутриэнт стандарт), Муковисцидоз ауруы бар азаматтарға;

      2. "Педиашур-Малоежка" - Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған арнайы тағам;

      3. "Октенидол" - Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған су;

      4. "Глютенсіз ұн", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      5. "Глютенсіз қоспа", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      6. "Глютенсіз вафли", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      7. "Глютенсіз печенье", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      8. "Глютенсіз макарондар", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      9. "Глютенсіз кекстер", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      10. "Модулен", Целиакия ауруы бар азаматтарға;

      11. Парентералдық тамақтану үшін аралас препарат (СМОФКабивен орталық): "амин қышқылдары", "соя майы", "зәйтүн майы", "орташа сілтілі триглициридтер", "балық майы", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      12. Инфузияға арналған ерітінді (Солвит-Н): "Тиамин мононитраты", "Рибофлавин натрий фосфат дигидрат", "Никотинамид", "Пиридоксин гидрохлориді", "Натрий пантотенаты", "Натрий аскорбаты", "Биотин", "Фолий қышқылы", "Цианокобаламин", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      13. Парентералдық енгізуге арналған майда еритін дәрумендер (Виталипид-Н): "Инфузияға арналған эмульсия", "Ретинол пальмитаты", "Фитоменадион", "Эргокальциферол", "Альфа-токоферол", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      14. Инфузияға арналған ерітінді (Аддамель-Н): "Хром хлориді гексагидраты", "Мыс хлориді дигидраты", "Темір хлориді гексагидраты", "Марганец хлориді тетрагидраты", "Калий йодиді", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      15. "Глюкоза (Декстроза) немесе Глюкостенил", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      16. "Төмен лактозды жоғары гидролизді емдік қоспасы" (мамандандырылған емдік тамақтану, энтеральді тамақтану), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      17. "ОТТ бар арнайы май эмульсиясы" (Ликвиджен), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      18. "Құрамында 60-90 ммоль/л натрий бар тұзды ерітінді (Хумана Электролит, Регидрон Био)", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      19. "Натрий далтепарины" (Фрагмин), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға;

      20. "Бейімделген сүт алмастырғыштар, мамандандырылған емдік тамақтану, энтеральды тамақтану" зондпен қоректенетін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған;

      21. "Стерофундин", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға инфузияға арналған ерітінді;

      22. "Модулен", құты, Крон ауруы бар азаматтарға мамандандырылған емдік тамақтану.

3-бөлім. Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық бұйымдар

      1. "ATRAUMAN AG", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған күміспен зарарсыздандырылған жақпамайлы таңғыш медициналық бұйымы;

      2. "MEDICOMP Steril", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған зарарсыздандырылған салфеткалар медициналық бұйымы;

      3. "PEHA-CREPP", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған орамасыз эластик бекіткіш жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      4. "Peha-haftLfee", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған бекіткіш жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      5. "STULPA Fix", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған торкөзді түтікті жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      6. "ROLTA-SOFT", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған зарарсыздандырылмаған жұмсақ мақталы жаратаңғыш медициналық бұйымы;

      7. "Mepitel" (Safetacmepitel), Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған жапсырма медициналық бұйымы;

      8. "Mepilex" (MepilexLite), Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған жұмсақ силиконнан жасалған сіңіргіш таңғыш медициналық бұйымы;

      9. "Mepitac", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған силикон жабындысымен жапсырма медициналық бұйымы;

      10. "Воскопран", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған зарарсыздандырылған таңғыш медициналық бұйымы;

      11. "GRASSOLIND", Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға арналған зарарсыздандырылған жақпамайлы таңғыш медициналық бұйымы;

      12. "Вакуумдық бақылауы бар аспирациялық катетер", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға арналған катетер медициналық бұйымы;

      13. "Жылуылғалалмастырғыш", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      14. "Саусақтық пульсоксиметр", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      15. "Мәрлі тампондары", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      16. "Спирттік салфеткалар", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      17. "Шприцтер", Көмей стенозы (тарылуы) ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      18. "ldH (bY'3140HHaEklHM) Infusomat Space ИпеТуре IV — Standart REF", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      19. Intrafix Safe Set Luer Lock. 230 cм REF 4063003 (Б.Браун), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      20. Intrafix Safe Set Luer Lock "Дискофикс С" 180см REF 4063006 үш жақты кранымен (Б.Браун), Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      21. 360º 16494 үш жақты кран, Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      22. "Интрапур Липид Неонат" инфузиялық фильтрі, Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      23. "0riginal Perfusor-LeitungLuer Lock ұзартқышы", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      24. "Инстоплер - инъекциялық мембранасы бар қақпақша", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      25. "Дәрі-дәрмектерді бірнеше мәрте жинақтауға арналған жүйе бактерияға қарсы сүзгіш", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      26. "Шприцтер 1 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      27. "Шприцтер 3 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      28. "Шприцтер 10 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      29. "Шприцтер 20 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      30. "Шприцтер 50 мл", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      31. "Инъекцияға арналған бірреттік инелер", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      32. "in-situ қолжетімділігінің қан тамырлары құрылғыларының 0,9% NaCl ерітіндісімен зарарсыздандырылған ВD poliFush шприці", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      33. "Орталық катетерге арналған қабыршақты мөлдір таңғыш", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      34. "Гипоаллергендік бекіткіш жапсырма", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      35. "Су өткізбейтін мөлдір жапсырма", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      36. "Катетерді бекітуге арналған зарарсыздандырылған таңғыш", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      37. "Зарарсыздандырылған салфеткалар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      38. "Зарарсыздандырылған қолғаптар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға медициналық бұйым;

      39. "Зарарсыздандырылмаған қолғаптар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      40. "Өзі жабысатын зарарсыздандырылған жайма", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      41. "Хирургиялық бетперделер", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      42. "Бірреттік жаялықтар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      43. "Хирургиялық шапкалар", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      44. "№ 12 Фолея катеторы", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      45. "Тік ішек зонды", Қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      46. GR 5-25 м. торлы және түтікшелі бекіткіш жаратаңғыш (түтікшелі жаратаңғыштан жасалған таңғыш), Ледд синдромы, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;

      47. Туа біткен буллезді эпидермолиз ауруы бар азаматтарға таңғыштарды бекітуге арналған серпімді, құбырлы бандаж;

      48. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға арналған трахеоскопиялық түтік;

      49. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға трахеостомияға арналған бекіту таспалары;

      50. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға трахеостомиялық түтіктің астына қоюға арналған компрессор;

      51. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға трахеостомиялық түтіктің астына төсеуге арналған майлық;

      52. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға арналған аккумулятордағы сорғыш (аспиратор);

      53. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға арналған дауыс клапаны;

      54. Трахеостомиялық түтігі бар азаматтарға арналған клапаны бар асқазан зонды.

4-бөлім. Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық қызмет

      1. Радиоактивті метионин қолданумен позитрондық-эмиссиялық томограф аппаратында қарап-тексеру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады