"Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 35/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) тәртіпте әділет органдарында ережені мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Мақашев

  Успен ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 35/2 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ) өз құзыреті шегінде аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс саласындағы ұйымдастыру, мониторингілеу, және үйлестіру қызметі мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      2. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ ведомстволары жоқ.

      3. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының Экология кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.

      5. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ өз құзыретінің мәселелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ осы Ережемен көзделген "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 30.

      10. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог, строительства, архитектуры и градостроительства Успенского района".

      12. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құрылтайшысы Успен ауданы әкімінің аппараты атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      15. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсатты мен міндеттері, өкілеттіктері

      16. Мақсаттары мен міндеттері:

      1) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қызметін жүзеге асыруда халықтың қолайлы тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасау;

      2) аудан аумағында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы іс-шаралар мен бағдарламаларды аудандық деңгейде іске асыру.

      17. Өкілеттіліктері:

      1) Құқықтары:

      1-1) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша қызметті әдістемелік басқару мен үйлестіруді жүзеге асыруға;

      1-2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың, азаматтардың келісімі бойынша мекеменің алдына қойылған міндеттерге қатысты мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға және алуға;

      1-3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге атқарушы органдардың мамандарын, олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;

      1-4) өздігінен немесе өзге атқарушы органдармен бірлесіп "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша ауданның дамуының салалық бағдарламаларын әзірлеуге;

      1-5) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға;

      1-6) өткізілген мониторингтің негізінде, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелерге "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар енгізуге;

      1-7) аудан әкімі мен аудандық әкімдіктің қарауына "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

      1-8) өз құзыреті шегінде шарттарды, келісімдерді жасауға.

      2) Міндеттері:

      2-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды және ұсынады;

      2-2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      2-3) өз қызметін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыру;

      2-4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      18. Функциялары:

      1) аудан аумағында, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, елді мекендерді сумен жабдықтау, телефон байланысы, елді мекендерді абаттандыру, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіреді;

      2) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, құрылыс, абаттандыру саласындағы жергілікті бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;

      3) сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес ауданның аумақтарын қала құрылысының кешенді сызбасын (аудандық жоспарлау жобасын немесе оның бөлігін), аудан аумағындағы елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;

      4) құрылыс, аумақтарды инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді постулаттау бойынша жұмыстар кешенін жүргізу бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдардың қарастыруына дайындайды;

      5) аудан аумақтарының қала құрылысы дамуының сызбаларының, және де елді мекендердің бас жоспарларының жобаларының әзірлеуін және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынуын ұйымдастырады;

      6) аумақтарды салу, абаттандыру және инженерлік қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;

      7) ауданның мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізеді;

      8) салынып жатқан (салынуы жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізеді;

      9) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізеді;

      10) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен органдардың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында заңнаманы сақтаудың тәжірибесін талдайды және жинақтайды;

      11) аудан аумағында коммуналдық меншік объектілерінің құрылысы бойынша тапсырушы ретінде шығады;

      12) құрылысы аяқталған объектілерді (кешендерді) қолдануға қабылдауға ұсынады;

      13) құрылысы аяқталған объектілерді (кешендерді) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ балансынан коммуналдық меншікке тапсырады;

      14) заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;

      15) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;

      16) ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді әзірлейді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      17) ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттен қаржыландырылатын қызметтің басымды бағыттары мен жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдерін белгілейді;

      18) ведомствоға қарасты мекемелердің мәні мен мақсаттарын белгілейді;

      19) мемлекеттің қатысуымен ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын қарайды, келісімдейді, бекітеді, бақылауды және талдауды, олардың орындалуы бойынша есепті жасайды;

      20) ведомствоға қарасты ұйымдардың қолдануы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      21) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін алу немесе қайта бөлуге коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органға келісім береді;

      22) жергілікті бюджеттен ведомствоға қарасты мекемелердің қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      23) мемпакет (мемүлесі) үлесі иелікке және қолдануға тапсырылған акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) құрамына өз өкілін ұсынады немесе тағайындайды;

      24) мәліметтерді, соның ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінде мәліметтерді көрсету үшін оның басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың атаулы тізімін дайындайды;

      25) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша материалдарды аудандық әкімдік пен аудан әкіміне дайындайды;

      26) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге әдістемелік көмекті көрсетеді;

      27) автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, елді мекендерді сумен жабдықтау, телефон байланысы, елді мекендерді абаттандыру, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      28) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестациялауды ұйымдастырады;

      29) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтен өтуімен қатысты мәселелерді шешеді;

      30) кадрлық резервті қалыптастыруға қатысады;

      31) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      32) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      33) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды және елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз жұмысына қойылатын талаптардың сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.

      34) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден бюджетке түсетін түсімдерді өндіруге жауапты болады.

3-тарау. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі.

      17. Мемлекеттік органды басқаруды басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес, "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ бірінші басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес Успен ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ бірінші басшысының орынбасары бар, ол мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      20. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) еңбек қатынастары саласындағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

      3) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді орындау үшін дербес жауапкершілікке тартылады;

      4) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ атынан өкілдік етеді;

      6) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ қызметкерлеріне тәртіптік жазалар салады, материалдық көмек көрсету, көтермелеу шараларын қолданады;

      7) өз құзыреті шегінде "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      8) "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ жұмыс жоспарын бекітеді;

      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды еңбек заңнамасына сәйкес "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ мемлекеттік қызметшісіне жүктеледі.

4-тарау. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе, "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Успен ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізілімі:

      1) Успен ауданы әкімдігінің, Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің "Успен Ауыз-су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады