Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 1/118 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 03-10/25-И ұсынысы негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес карантиндік объектілердің түрлері бойынша аудандар бөлінісінде Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, жалпы ауданы 23,40375 гектар жерге карантин аймағы белгіленсін.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны жариялау үшін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жолдауды;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы А. Әмрин

  Алматы қаласы әкімдігінің
№ __ 2024 жылғы
"___" __________
қаулысына қосымша

Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин
аймағын белгілеуге арналған карантиндік объектілердің тізбесі

Қала аудандары бойынша карантиндік объектілердің таралу ошақтары

Карантиндік объектінің түрі, га

Карантиндік зиянкестер

Карантиндік арамшөптер

Калифорниялық қалқаншалы сымыр

Шығыс жеміс жемірі

Мәрмәр қандаласы

Жусан жапырақты ойраншөп

Жіңішке сабақты арам сояу

Қызғылт жатаған у кекіре

Көп жылдық ойраншөп

1

Алмалы ауданы:








көшелер, даңғылдар бойында





0,997



2

Бостандық ауданы:








көшелер, даңғылдар бойында




1,13

1,531



3

Жетісу ауданы:








көшелер, даңғылдар бойында





0,05



"Jasiljelek Qurilis" ЖШС

0,5

0,02






"Көкжиек" ш.а.

0,5







4

Түрксіб ауданы:








көшелер, даңғылдар бойында




3,33




Алматы қаласының Халықаралық әуежайы




0,6

4

1,5

1,6

№ 11 өрт сөндіру бөлімі

1,04

1,04






Маяк парк ш.а. "Желтоқсан" саябағы

1

0,04






кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы

1,96







5

Медеу ауданы:








Нұрмағамбетов көшесі





0,00325



орталық мәдениет және демалыс саябағы



0,0625





28 панфиловшылар паркі



0,5





6

Наурызбай ауданы








"Таусамалы" ш.а.

2







Алматы қаласы бойынша барлығы

7

1,1

0,5625

5,06

6,58125

1,5

1,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады