Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 10 шешімі

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 2 хаттамасы негізінде Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшы болып Б.С. Көшербаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шаралар өткізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 30 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қала әкімі С. Мұхамедиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады